Неге доллар арзандаса да тауарлардың бағасы түспейді?

823

Теңге Украинадағы жағдайға дейінгі деңгейге қайта оралды, бірақ көтерілген тауар бағалары төмендеген жоқ. Неге? Мұның себебін қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёв түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Неге доллар арзандаса да тауарлардың бағасы түспейді?

"Біріншіден, теңгеге деген сенімнің төмен болуы. Халықтың басым бөлігінде "бағам ұзақ уақыт бойы мұндай деңгейде қалмайды және алдағы уақытта әлсірейді" деген ой басым. Екіншіден, бағаны тікелей төмендету өте қиын. Себебі жалақының өсуі туралы уәде беріліп қойған, түрлі жобалар жоспарланып қойған. Бұл жағдай ірі электроника дүкендеріндегі жарнамалық акциялардан айқын көрінеді. Наурызда, бағалар өскен кезде барлық дерлік акциялар жойылды, бүгінде олар қайта іске қосыла бастады", – дейді сарапшы. 

Сондықтан айырбас бағамының жедел өсуіне жол бермеу маңызды, өйткені теңгеге сенім төмендеп, тауар бағаларын қалыпқа келтіру әлдеқайда қиындай түседі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу