"Цифрлық технологиялар бізде қазірдің өзінде өнеркәсіп, экология, денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және құқықтық қолдау, салық секторы мен бизнес-ортада белсенді қолданылып келеді. Озық елдердің барлығы цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға жаппай инвестиция салып, стратегияларын жасап жатыр. Бүгін отандық цифрлық шешімдерді іске асыру барысын көрдік. Бұл келесі даму кезеңі, яғни біздің жасанды интеллект саласындағы жобалардың алғашқы қадамдары. Нейрондық желілер арқылы біз тәуекелдерді және төтенше жағдайларды болжап, олардың алдын аламыз. Сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызмет қолжетімді", – деді Олжас Бектенов Үкіметтің көшпелі отырысында.
Премьер-министрдің айтуынша, 2029 жылға дейінгі жасанды интеллектіні дамытудың тұжырымдамасы мен жасанды интеллект туралы жаңа заң аясындағы жұмыстар жалғасады.