Нобель сыйлығының лауреаты Бангладештің уақытша үкіметін басқармақ

210

Наразылыққа шыққандар оның кандидатурасын талап еткен. 

Нобель сыйлығының лауреаты Бангладештің уақытша үкіметін басқармақ Фото: Известия

Экономист әрі Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммед Юнус Бангладештің уақытша үкіметін басқарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

84 жастағы Юнусты тағайындау туралы тиісті шешім ел басшысының "Студенттер кемсітушілікке қарсы" наразылық қозғалысының жетекшілерімен кездесуі кезінде қабылданды. Наразылыққа шыққандар тиісті талап қойған. Уақытша үкіметтің соңғы құрамы Бангладештің саяси партияларымен ақылдасқаннан кейін белгілі болады, делінген президент Шахабуддин Чуппудың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін Бангладеш премьер-министрі отставкаға кеткенін жазған болатынбыз. Бангладештегі наразылық салдарынан 280-нен астам адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу