Нұр-Сұлтанда 23 жағажайдың тек үшеуінде шомылуға рұқсат етіледі

953

Суға түсу маусымының ашылуы елорданың бас санитарлық дәрігері қаулысы негізінде анықталады. 

Нұр-Сұлтанда 23 жағажайдың тек үшеуінде шомылуға рұқсат етіледі

Бүгінгі таңда елордада жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша 23 суға шомылу орны анықталды. Оның үшеуінде суға түсуге рұқсат етілген. Атап айсақ,  орталық жағажай, "Три пескаря" және "Астаналық аула" жағажайлары. Ал өзге 20 аймақта шомылуға болмайды (қала мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешімінің 8-тармағына сәйкес). Бүгінгі таңда қаланың 4 ауданы бойынша алдын ала анықталған тегін коммуналдық жағажайлар ашу қарастырылуда. (Алматы-3, Байқоңыр-1, Есіл-3, Сарыарқа-3).

Алайда мұның барлығы елорданың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде анықталады. 

"9 мамырдан бастап қала аумағында қала әкімдігімен бірлесіп 112 тыйым салу белгісі, 20 ақпараттық стенд, 20 жүзгіш буйка, 14 қайық және сүңгуірлер тобы кезекшілікке тұрады. 25 мамырдан бастап су айдыны бойында орналасқан тұрғын үй алаптарына, демалыс аймақтары мен тыйым салынған суға шомылу орындарына бару туралы қала тұрғындарымен кең ауқымды ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілуде", – деді әкімдікте. 

Сонымен қатар, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен волонтерлер 62 рейд өткізген. Осы уақытқа дейін аталған талаптарды бұзғаны үшін 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"1 маусымдағы жағдай бойынша қала акваториясындағы Есіл ауданында 3 адам қаза тапты, Байқоңыр ауданында 2 адам құтқарылды. Суға түсу кезеңінде Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару нұсқасына ауыстырылды. Сонымен қатар, карантин кезеңіндегі санитарлық нормаларды есепке ала отырып, жаппай шомылу орындарына бару нұсқаулығы бекітілді", – деп жазылған хабарламада.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу