Ашылған ескерткіштер:
- Алаш қайраткерлері – Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев;
- Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов;
- Халық әртісі, күйші, композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері – Дина Нұрпейісова;
- Академик Қаныш Сәтбаев;
- Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров;
- Мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшенев;
- Философ және ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби;
- Ағартушы Ыбырай Алтынсарин;
- Коронавирустық инфекциямен алдыңғы шепте күрескендердің ерлігіне арналған "Алтын жүрек" мемориалы орнатылды.
Елорданың мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада барлығы 42 тарихи және мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде үшеуінің республикалық маңызы бар: "Бұрынғы мұсылман мектебі" (XIX ғасырда салынған), 1963 жылы салынған "Конгресс холл", "Бозоқ қалашығы", Х-ХІХ ғғ.; 39 жергілікті маңызы бар (соның ішінде ансамбльдер мен кешендер – 1, киелі нысандар – 1, монументалды құрылыстар – 7, археология ескерткіштері – 7, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері – 23).
Бөгенбай батыр, А.С. Пушкин ескерткіштеріне, Чернобыль трагедиясы құрбандарына, С.Сейфуллин мұражайының ғимаратына, "Астана" мүсіндеріне, "Жер-Ана" және "Астана жұлдызы" монументтеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.