Нұр-Сұлтаннан Алакөлге пойыз қатынайтын болады

1466

"Нұр-Сұлтан - Достық" бағытында жүретін жолаушылар пойызы күзге дейін қатынайды.

Нұр-Сұлтаннан Алакөлге пойыз қатынайтын болады

"2019 жылдың 30 маусымнан бастап тамыздың 30-на дейінгі аралықта "Нұр-Сұлтан - Достық" бағытында жүретін жолаушылар пойызы іске қосылады",– деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығы. 

Сондай-ақ, "Қала маңы тасымалы" АҚ ШҚО әкімдігімен біріге отырып, жаз айларында Алакөл демалыс орынына қатынайтын қосымша екі пойызды іске қосатынын хабарлаған еді. 

Айта кетсек, Алакөлде биыл да 1 млн-нан астам адам демалуы мүмкін. Өткен жылғы демалыс маусымында Жетісу өңіріне орташа есеппен 2 млн турист келген екен. Оның ішінде 1 млн адам Алакөл жағалауында демалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу