banner

Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 37 отбасы көшті

885

"Нұрлы Ертіс" бағдарламасы шеңберінде Екібастұзда бес қабатты бірнеше тұрғын үй салынды. Оның 3 бөлмелі 122 және 2 бөлмелі 100 пәтері елордадан көшіп барған тұрғын үй кезегіндегі отбасыларға арналған. 

Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға 37 отбасы көшті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұз қаласына тағы 37 отбасы көшті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Әкімдіктің дерегіне сүйенсек, осы уақытқа дейін Екібастұзға 169 отбасы – 996 адам көшіп барған. Оның 319-ы еңбекке жарамды ересек адамдар, ал 667-сі бала.

"Нұрлы Ертіс" бағдарламасы шеңберінде Екібастұзда бес қабатты бірнеше тұрғын үй салынды. Оның 3 бөлмелі 122 және 2 бөлмелі 100 пәтері елордадан көшіп барған тұрғын үй кезегіндегі отбасыларға арналған. Пәтерді жалдау ақысы айына шаршы метріне 99 теңгені ( 7722 теңгеден 8000 теңгеге дейін) құрайды",– делінген хабарламада.

Павлодар облысы әкімдігі өкілдерінің сөзінше, пәтерлерді жеке меншікке беру мәселесі жалдамалы пәтерде 5 жыл тұрғаннан кейін шешіледі.

Қазіргі уақытта 2 бөлмелі пәтерге отбасымен көшуге ниетті отбасылардың өтінімдері қабылданып жатыр. Бағдарлама қатысушыларына тұрақты жұмыс, ал балаларына балабақша мен мектептен тегін орын ұсынылады. Сондай-ақ қайтарымсыз негізде мектеп формасы, оқу құралдары және тегін тамақ, жол жүру билеті беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу