Қазақстандық алғашқы бюджеттік әуе компаниясы енді халықаралық бағыттағы рейстерді орындайтын болады, деп хабарлайды Atameken Business.
Бірінші сапар Мәскеуге жоспарланған. Ресей астанасына небарі 19 мың 999 теңгеге баруға болады. Бұл қазіргі нарықтағы бағадан 60%-ға төмен.
Airbus A320 лайнері Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы мен Мәскеудің Жуковский халықаралық әуежайы арасында қатынайды. Сондай-ақ, лоукостер алдағы уақытта Мәскеуден Ақтөбе және Қарағанды бағытында рейстер ашады.
Жалпы 2020 жылдың аяғына дейін халықаралық бағыттағы рейстерді 80-ге жеткізу жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу