Нұр-Сұлтаннан Таразға жаңа әуе рейсі ашылады

1146

Нұр-Сұлтан – Тараз – Нұр-Сұлтан бағытындағы жаңа әуе рейсін Air Astana әуе компаниясы іске қосады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтаннан Таразға жаңа әуе рейсі ашылады

Компанияның баспасөз қызметі жаңа рейстің дүйсенбіден бастап жұмаға дейін ұшатынын жария етті.

Әуе рейстерін Airbus A320 әуе лайнері орындайды. Эконом-кластағы билет құны 30 мың 370 теңгеден, ал бизнес-кластағы билет бағасы 80 мың 890 теңгеден басталады.

Елордадан Таразға ұшақ 1 сағат 50 минутта жетеді. Ал қайтарда осы аралықты 1 сағат 45 минуттың ішінде ұшып өтеді.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу