ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Қордайдағы жаппай төбелесте қаза тапқан марқұмдардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қордайда қаза болғандардың отбасына көңіл айтамын және зардап шеккендердің сауығуын тілеймін. Жағдай ел басшылығының бақылауында. Бір топ мәжілісмендер үкіметтік комиссиямен бірге оқиға орнында жұмыс істеуде. Біздің мақсатымыз арандатуға жол бермей, тұрақтылықты сақтау" деп жазды Мәжіліс төрағасы Twitter парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу