Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Нұрланов (ред. – Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрланов) пен Ерлан Зайроллаұлына (ред. – Нұрлан Нығматулиннің бауыры) қатысты түскен шағымдар қазір қаралып жатыр. Бірдеңе деп айту әлі ерте. Арғынға (ред. – Нұрлан Нығматулиннің ағасы) келетін болсақ, бұл істі Бас прокуратура қарап жатыр. Осыған дейін айтқанымдай, бұл Қарағанды облысындағы хоккей клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегіне қатысты. Ол халықаралық іздеуде жүр. Оның орналасқан жерін анықтаған соң, экстрадициялау бойынша шаралар қабылданады", – деді Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында.
Айта кету керек, осыған дейін Нұрлан Нығматулиннің туған ағасына іздеу жарияланғанын жазған болатынбыз. Антикор оның тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалғанын хабарлады. Кейін Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты тергеу жүріп жатқаны белгілі болды.