Нығматулин тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған – Антикор

530

Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланған. 

Нығматулин тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалған – Антикор Фото: saryarka-hc.kz

Арғын  Нығматулин қылмыстық тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз оның Қазақстанда жоқ екенін білеміз. Тергеу басталғанға дейін ол Қазақстанда болған жоқ. Оны іздеу және қайтару бойынша шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Дархан Құрақбаев Сенат кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін Антикор Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын  Нығматулинге іздеу жариялағанын жазғанбыз. 2024 жылдың шілде айында құны 900 млн теңге болатын "Сарыарқа" хоккей клубы  мемлекетке қайтарылған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу