"Қазфосфат" ЖШС Минералды тыңайтқыштар өндіру зауытының бірінші басшысы Нұрхан Нұрланов қылмыстық іс бойынша айыпталушы болды, деп жазады inbusiness.kz порталы Orda-ға сілтеме жасап.
"13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қорытындысы негізінде "Қазфосфат" ЖШС басшылығына қатысты "аммофосты" (ред. – ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бірі) іске асыру кезінде жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру арқылы үшін заңсыз кіріс алу мақсатында монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 221-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – делінген Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің КазТаг-қа жауабында.
Монополияға қарсы ұйымдар "Қазфосфат" ЖШС-ға қатысты аммофосты монополиялық жоғары баға бойынша сатқанын анықтаған болатын. Бұл ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарының бағасы елдегі азық-түлік құнына тікелей әсер ететіндігін атап өту керек.
"Мысалы, "Қазфосфат" ЖШС аффилденген компанияға ("KAZ Chemicals Trading House" ЖШС) тыңайтқыштардың едәуір көлемін сатып, ал ол компания болса сауда үстемесіне 30% қосқан. Бұл жағдай монополияға қарсы әрекет ету шаралары нәтижесінде түзетілді. Өндіруші заңсыз кірісін қайтарады. Тиісті ведомстволар бұл мәселені қатаң бақылауда ұстау керек", – деді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы.