"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының" басқарма төрағасы ауысты

979

Раділбек Әдимолда өз еркімен қызметінен кетті.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының" басқарма төрағасы ауысты

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының" басқарма төрағасы болып Ғабит Тәжімұратов тағайындалды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлады.

Бұл қызметте ол Раділбек Әдимолданы ауыстырды. Баспасөз қызметінен оның жұмыстан өз еркімен кетіп бара жатқаны айтылды.

Айта кетсек, Ғабит Тәжімұратов 2019 жылдан бастап басқарма төрағасының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Бұған дейін де, яғни 2015-2019 жылдар аралығында да осы әуежайда қызмет еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу