Оның бірін сүру туралы ақыры сот шешімі шығып, тағы бірнеше құрылыс компаниясына айыппұл салынды. Ал жергілікті биліктің серіктестіктерді тексеруге мүмкіндігі болмай шықты.
Қарқынды түрде кеңейіп жатқан қала құрылысында кемшілік көп. Кәсіпкерлер жер учаскесін жеке меншіктен сатып ала сала, құжатын рәсімдемей жатып, құрылысты бастап кетеді. Коммуналдық кәсіпорындар берген талаптарды да орындамайды. Соның кесірінен ғимараттың сапасы сын көтермейді.
"Прокуратура органдарымен заңсыз құрылысқа қатысты тұрақты талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Талдау қорытындысында өткен жылы 107 заңсыз құрылыс нысанына әкімшілік айыппұл салынған болатын. Яғни, құжаттары заңға сәйкес келмеуіна байланысты. Барлық айыппұл көлемі - 67 млн теңге. Онымен қоса құжаты жоқ, өз бетімен салынған 12 құрылыс нысаны анықталды. Оларға қатысты сот орындарына талап арыздар енгізілген болатын", дейді Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Мұрат Саматов.
Демек, алдағы уақытта тағы 11 ғимаратқа қатысты сот шешімі шығады. Сондықтан, ақшасын салған салымшылардың басы тағы да дауға қалуы мүмкін.
"Қазір құрылыс компанияларында мынадай мәселе бар. Біреуінің құжаты дұрыс емес. Біреуі су беріп болмайды, біреуінің өзі дұрыс емес. Осы сияқты қарайған проблема бар. Осы проблемамен құрылыс компаниясына барсақ бізге осыны реттеп бер деп. Бізді әкімдікке жібереді. Солар қағазға қол қоймай жатыр, шаруаны шешпей жатыр деп. Неге біз баруымыз керек оған?", дейді қала тұрғыны Тілекқабыл Файзуллин.
Жергілікті әкімдік болса, мәселенің кең етек жаюына шағын және орта бизнесті тексеруге қойылған шектеуді себеп етеді. Бір қызығы, қалада үлескерден қаржы тартуға тек бір ғана компанияның рұқсаты бар. Сондықтан, жұртты қырағы болуға шақырады.
"Құрылыс жүріп жатқан, құрылыс әлі басталмаған яғни айтқанда рұқсат құжаттары толық емес үлескердің ақшасын тартуға рұқсат алмай жүрген құрылыс компанияларынан пәтер алмауды сұраймыз. Бұл дегеніміз скздің салған қаражатыңызға ешкім кепілдік бермейді", дейді Қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісіҚуаныш Сембаев.
Қандай да бір алаяқтық немесе мерзім бұзылған жағдайда, келісімшарттағы талаптарды орындату бойынша сотқа жүгінесіз. Яғни, азаматтық процессуалдық деңгейде қаралады.
Құзырлы орган өкілдері салатын айыппұл мөлшері құрылыс компанияларына сезілмейтін секілді. Сондықтан, мәселе өзектілігін жоймайды. Ал оны шешу үшін облыстық немесе Үкімет деңгейінде қайта қарау қажет. Қоныс той тойлар алдында құрылыстағы құжаттамаға мән беріңіз. Қажет болған жағдайда жергілікті әкімдіктен ақпарат алыңыз.
Нұрлан Қуанышбай