Одесса облысының Килийск ауданындаға теңіз жағасына он шақты өлі дельфин шығып қалған. Бұл туралы аудандық кеңестің басшысы Павел Бойченко өзінің Facebook парақшасына жазды.
Оның сөзіне сүйенсек, дельфиндердің өліміне теңізге бекіре балықтарды аулауға арналған ау тастайтын браконьерлер кінәлі. Бұл торларға шырмалған дельфиндер қылғынып өлген. Меніңше, оларды браконьерлер теңізге лақтырып, денелерін толқын жағаға шығарған.
Бойченко бұл туралы прокуратура мен полицияға хабрламақ.
Айта кетсек, соңғы жылдары дельфиндер мен теңіз мысығы, жалпы теіңз жәндіктерінің өлімі жиілеп кеткен. Жергілікті биліктер жануарлардың өліміне қатысты әртүрлі себептерді алға тартуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу