Дәрігерлер өкпеге сұйықтықтың жиналу себебін түсіндірді

8961

Ғалымның сөзінше, өкпенің ісінуі сұйықтықпен емдегеннен емес, жүрек-қан тамыры жүйесінің әлсіздігінен болады.

Дәрігерлер өкпеге сұйықтықтың жиналу себебін түсіндірді

Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медицина университеті" КЕАҚ жедел медициналық көмек, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова кейінгі күндері науқастардың қайтыс болуы жайлы әлеуметтік желілерде әртүрлі алып-қашпа әңгімелердің көбейгенін тілге тиек ете отырып, адамдардың қайтыс болуының негізгі себебін айтты.

"Өкпенің ісінуі тек қана коронавирустық инфекцияда ғана емес, жалпы ауыр жағдайларда болады. Ал COVID-19 кезінде интерстициалды кеңістік ісінетіні белгілі. Ауру қиын жағдайда өткен кезде өкпе мен қан тамырлары арасындағы интерстициалды кеңістікке вирус өтеді де, онда сұйықтық жиналуы мүмкін. Сұйықтық өте көп болған кезде, өкпе ісініп, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Бұл сұйықтықпен өте көп емдегенде ғана болмайды. Сұйықтықтың жиналу тетіктері өте көп. Ең бастысы, бұл вирус өкпе тіндеріне өте жылдам зақым келтіреді", – деді Нұрила Малтабарова.

Ғалымның сөзінше, өкпенің ісінуі сұйықтықпен емдегеннен емес, жүрек-қан тамыры жүйесінің әлсіздігінен болады.

"Тағы бір айта кеткім келетіні – бізде артериялық қан қысымы, қант диабеті, артық салмақ тәрізді тәуекел факторы бізде өте көп. Мысалы, жүрек-қан тамыры жүйесі ауруы кезінде адам тәніндегі сұйықтық шамадан тыс артып, орын ауыстырып, өкпенің ісінеді. Адамдардың қайтыс болу себептерінің бірі – өкпенің ісінуі болуы мүмкін. Алайда бұл сұйықтықпен емдегеннен емес, жүрек-қан тамыры жүйесінің әлсіздігінен болады. Қайталап айтайын, бұл жүрек-қан тамыры жүйесі әлсіздер мен егде жастағы адамдар тәуекел тобына жатады", – деп атап айтты кафедра меңгерушісі.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу