"Олимп" букмерлік конторасының лицензиясы тоқтатылды

1105

Бұл туралф ұйымның сайтында жазылған.

"Олимп" букмерлік конторасының лицензиясы тоқтатылды

"2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап OLIMP.KZ қазақстандық лицензиясының тоқтауына байланысты бәс тігу тоқтатылды", – деп жазылған хабарламада.  

Қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бес ай бойы салықтық тексеру нәтижесінде Алматы қаласындағы "Олимп.kz" букмерлік конторасына өсімпұл мен айыппұлды қоса санағанде 62 млрд теңге салынғаны 2019 жылдың желтоқсанында хабарланған болатын. Тексеру барысында соңғы бес жылда ойын бизнесіне салықтық есептеудің дұрыстығы мәселесі ескерілген еді.          

Осыған дейін хабарланғандай, ұлттық қауіпсіздік органы прокуратурамен бірге елден тысқары жаққа ақшаны заңсыз жөнелту анықталып, оған тосқауыл қойылған.         

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша "Олимп.kz" букмерлік конторасына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. 

Бұған дейін "Onlybe" және "Alpha-bet" ЖШС-ларының лицензиясы тоқтатылған болатын. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу