Олжас Құдайбергенов Президенттің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты",– деп жазылған баспасөз хатшысының әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Фото: dalanews.kz
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу