Омарташылар өнімдерін экспорттауда кедергіге тап болуда

907

Омарташылар өнімдерін экспорттауда кедергіге тап болуда

Алматы облысының омарташылары балды экспортқа шығару үшін бір жапырақ құжатты ауыл шаруашылығы министрлігінен ала алмай жүр. Салдарынан мыңдаған тонна бал тек шекараға дейін барып, кері қайтады екен. Жағдайды реттеп, арнайы сертификатқа қол жеткізу үшін, олар өз қаржатаррына шет елдің мамандарын шақыртуға мәжбүр болған. 

Қазақстан балы арнайы сертификаттың жоғынан экспортқа шығарылмай елде қалуда. Тек бір Алматы облысы бойынша жыл сайын ең кемі 2-3 мың тонна бал жиналады екен. Оның 4/1 бөлігін Ресей сатып алып, бізге екі есе бағамен қайтарып сатады. Ара өсіруші кооперативтер осы мәселені биліктегілер бір ымыраға келтіре алмағанына ренжулі. Ал халықаралық стандарттағы құжатты алу үшін, Литвадан арнайы маманды шақыртуға мәжбүр болып отыр.

Тимас Трибула, экоөнімді анықтайтын еврокомиссар: "Араның ұясы өндірістік кәсіпорындардан ең кемі 3 шақырым қашықтықта орналасуы қажет. Ал бұл жер өте алыс,яғни регламент бойынша тұр. Сонымен қатар аралардың тамағы табиғи таза өнім болуы керек. Сапасын тексермедік, әйтседе, олардың ұясы ағаштан жасалғаны ,тым қашықта орналасқаны және жейтін тағамдарына қарап, тек жақсы нәтиже беруге болады. Аталған сертификат балдың табиғи таза екеніне 100 пайыз кепілдік береді. Және ол кез келген мемлекеттің стандартына сәйкес келеді".

ЗКТ: Балдың сапасына 5 балл берген Трибула мырза жуық арада сертификат беруге дайын екенін жеткізді. Тек арнайы сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды өткізу керек. Бұл арқылы омарташылар әлемдік нарықтарға балды қымбат бағамен сататын болады. Мәселен 1 келі таза балдың бағасы елімізде 1000 -2000 теңгенің арасында құбылса, Еуропада 100 долларға дейін жетіп жығылады екен. Орайы келіп тұрса ойымызды неге жүзеге асырмаймыз дейді отандық омарташылар.

Олег Крупский,  омарташы: "Балдың өте аз мөлшерін Араб әмірлігіне, Еуропаға,АҚШқа жібереміз. Оларға қатты ұнап жатыр. Бірақ құжат көрсетуімізді талап етеді. Алайда ол құжат бізде жоқ. Ауылшаруашылығы министрлігі іске арласпағандықтан сертификат беретін мамандарды өзіміз шақыртып отырмыз. Ол арқылы әлемдік нарыққа шығу жоспарда бар. Бұдан пайданы тек өзіміз емес, мемлекеттің қазынасы да қампаятынын биліктегілер түсінуі керек".

Елімізде "табиғи таза өнім" деген халықаралық стандартты еурокомиссия мүшелері тек өсімдік саласындағы бір екі өнімге ғана берген. Ал балға бұл сертификатты алу үшін шете елдің сарапшысын ара өсірушілер өздерінің қаржатына шақыртып отыр. Осы мәселені ауылшаруашылығы министрлігі шешеміз деп талай айтқан екен. Сөзбен келістірген шаруаны , енді іспен тәмамдаса жақсы болады дейді омарташылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу