Atameken Business продюсерлері оларға хабарласып, өмірді сақтандыру қанша тұратынын сұраған еді. Айтуларынша, белгіленген бір баға жоқ. Адамның жеке жағдайына қарай бекітіледі. Бірқатар компания үш айға бастапқы баға 4490 тг, ал өтемақы 840 мың тг деп жарнама берген. Бұл тек коронавирустан сақтандыру.
Өмірді сақтандыруды міндеттеу қажет пе?
Бұған дейін елімізде мүлікті сақтандыру ерікті емес, міндетті болатыны хабарланған болатын. Ал өмірді сақтандыру ше? Оны халыққа міндеттеу қажет пе, жоқ па? Бұл сұраққа сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Жанар Әділбекқызы Жұбаниязова жауап береді: