Өнер, ойын-сауық және демалыс саласында негізгі капиталға салынған инвестиция бір жылда 37%-ға азайған

912

Биыл қаңтар-сәуірде өнер, ойын-сауық және демалыс саласында негізгі капиталға инвестиция 35,3 млрд теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,2%-ға аз. Сектордағы күрделі салымдар көлемінің нақты қысқаруы 36,9%, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер, ойын-сауық және демалыс саласында негізгі капиталға салынған инвестиция бір жылда 37%-ға азайған

Сектордағы инвестицияның басым бөлігі Нұр-Сұлтанға тиесілі (10,5 млрд теңге, жылдық өсім – 32,3 есе). Үздік үштікке Түркістан облысы (5,7 млрд теңге, минус 81,8%) және Шымкент (4,3 млрд теңге, жылдық өсім 10,8 есе) енді.

Инвестицияның ең аз көлемі Қостанай облысында (82,9 млрд теңге), өткен жылмен салыстырғанданда 91,7%-ға артық.

Күрделі салымдардың негізгі көлемі кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді (17,6 млрд теңге, бір жылда минус 55,9%).

Сондай-ақ бюджеттен де салаға қомақты сома бөлінді: республикалық бюджеттен 10,1 млрд теңге, жергілікті бюджеттерден 7,5 млрд теңге. Тағы 146,8 млн теңге банктік емес қарыз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді, өткен жылмен салыстырғанда 58,4%-ға аз.

Жергілікті бюджеттердің шығынына тоқталайық. Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша спорт, мәдениет, туризм және
ақпарат саласына 92,9 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,3%-ға артық.

Ең көп шығын Түркістан облысында тіркелді (13,6 млрд теңге), бұл өткен жылға қарағанда 92,9%-ға артық. Мұнда үздік үштікке Алматы қаласы және Алматы облысы енді. 

Сектордағы шығыстың ең аз бөлігі Маңғыстау облысында (2,6 млрд теңге), бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу