Онлайн-несие берушілер айылын жимай тұр

1485

Қазақстандықтар 8 айда 3,9 трлн теңгенің тұтыну несиесін алған.

Онлайн-несие берушілер айылын жимай тұр

Finprom.kz қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту шаралары несие нарығына қалай әсер еткеніне талдау жасапты. Сайттың дерегіне сенсек, онлайн-несие беретін компаниялар Ұлттық банк бекіткен кедергілерді айналып өтіп, әр несиеден жылына 700% пайда көріп отыр. 

"Тамыз айының соңындағы дерек бойынша 3,9 трлн теңгенің тұтыну несиесі рәсімделген. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 23,9 % көп. Бұған дейін 2 жыл қатарынан 12,1-12,3 % өсім сақталып келген болатын. Ал төлеу мерзімі кешіктірілген несиенің мөлшері 1,7 %-ке артқан", – деп жазады  Finprom.kz. Бұл ақшаға шаққанда 236,5 млрд теңге. 

"Төленбеген қарыздың бейберекет қордалануына жол бермеу үшін тұрмыстық несие беруші нысандардың  жұмысын реттеу қолға алынған болатын. Бұл қатарға онлайн-несие беруші компаниялар да кіреді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар да Ұлттық банктің бақылау кеңістігіне өтпек. Халық онлайн-несиенің табысты дәлелдейтін құжат сұрамастан, бұған дейінгі борыш тарихын зерттеместен, 10-15 минуттың ішінде ақша ұсынатынына қызығады. Бірақ оның жылдық мөлшерлемесі 700% екенін ескере бермейді. Мысалы, екінші деңгейлі банктерде бұл көрсеткіш 21,3%-тен аспауы керек. Ал жекелей борыштар бойынша мөлшерлеме шегі 56%-тен аспауы тиіс. Енді онлайн-несие берушілердің мөлшерлемесін де 56%-ке түсіру көзделіп отыр", – делінген мақалада.  

Сайттың жазуына қарағанда, ҚазФинТех қауымдастығына мүше ретінде тіркелген 16 онлайн-несие компаниясының  тек төртеуі ғана, үстеме төлемдер туралы толық ақпарат берген. Олар 100 мың теңгелік несиеден бір айда 60-63 мың теңге табыс көріп келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу