Онлайн санақ мерзімі ұзартылды

907

16 қазанда санақ сауалдарына онлайн режимде жауап беру функциясы тоқтатылған болатын.

Онлайн санақ мерзімі ұзартылды

Халық санағынан онлайн өту мүмкіндігі қайта қолжетімді болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сілтеме жасап.

"Санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң еліміздің барлық өңірлерінен, әсіресе қалалардан онлайн санақ функциясы мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініштер түсе бастады. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды", – деп жазылған Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарламасында.

Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.

Айта кетейік, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн-санақ функциясын азаматтардың 40 пайызға жуығы пайдаланған.

"1 қазаннан бастап интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Олар қазірдің өзінде 5 938 259 адамға сауал салу жүргізді. Онлайн өткен респонденттер келген хабарламаны интервьюерлерге көрсетуге тиіс. Олармен сауалнама қайта жүргізілмейді",- деп жазылған хабарламада.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу