Оппозиция Арменияны Қарабақ туралы келісімнен шығаруды көздеп отыр

833

10 қарашада Ресей, Әзербайжан, Армения осы аймақ туралы мәмілеге келген еді.

Оппозиция Арменияны Қарабақ туралы келісімнен шығаруды көздеп отыр Фото: ria.ru

Арменияның "Өркендеуші Армения" деп аталатын оппозициялық партиясы ресми Ереванның Таулы Қарабақ туралы келісімге келгеніне наразы. Осы орайда партия Парламенттің кезектен тыс отырысын шақырмақшы. Бұл туралы депутат Иветта Тоноян мәлім етті. 

"Біз кезектен тыс жиынды өткізу үшін қол жинап жатырмыз. Бұл  қабылданған шешімнің күшін жоюға бағытталады", – деді Тоноян.

10 қарашада Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісімге келді. Путиннің айтуынша, Әзербайжан мен Армения әскерилері өз позицияларында қалады, ал Таулы Қарабақтағы шектесу сызығы мен Лачинский дәлізінің бойына ресейлік бітімгер әскерилері орналастырылады. Сонымен қатар тараптар өзара әскери тұтқындармен алмасады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу