Оппозиция Еревандағы бірқатар көшені бөгеп тастады

906

Ереуілшілер Пашинян отставкаға кетпейінше наразылық акциясын тоқтатпайтынын жариялады.

Оппозиция Еревандағы бірқатар көшені бөгеп тастады

25 ақпанда Армения оппозициясы Еревандағы бірқатар көшені бөгеп тастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Sputnik Армения агенттігіне сілтеме жасап.

Наразылық білдірушілер ел премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етуде. Көшелерді жабу үшін олар көліктерді пайдаланған. Ереуілді ұйымдастырушылардың бірі әрі "Дашнакцутюн" партиясының жастар одағының өкілінің айтуынша, мұндай акциялар қазір Ереванның бірқатар көшелерінде өткізіліп жатыр. Ол сондай-ақ наразылық шарасының Пашинянның отставкаға кетуіне дейін жалғасатынын мәлім етті.

Пашинян 2020 жылдың қарашасында Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойғаннан кейін, Ереванды ереуілдер шарпыды.

Еске сала кетсек, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс басталған еді. 9 қарашада Ресей президенті Владмир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, қос тарап бітімге келген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: iz.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу