Орал әскерінде үшемдер қызмет етуде

1110

Олар бір әскери бөлімге жіберілген.

Орал әскерінде үшемдер қызмет етуде

Оралда ҚР Ұлттық ұланның "Батыс" өңірліқ қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде ақтаулық үшем Отан алдындағы әскери борышын өтеуде. Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс Зеккеновтер "Болашақ" академиясының колледжін "Су көлігін пайдалану" мамандығы бойынша бітіргеннен кейін әскер қатарына алынады. Жергілікті қорғаныс істері департаменті талапқа бағынып, оларды бір әскери бөлімге қызмет етуге жіберген. 

Бір қызығы, ағайынды Зеккеновтердің үшеуі де мінез-құлқы, жүріс-тұрысы жағынан бірдей көрінеді, тіпті психологиялық тестілеу нәтижелері де бірдей болып шығады екен. Бар айырмашылығы – Ақарыстың бойы сыңарларынан 4 см.-ге артық. Дегенмен, үшемдер жас күнінен каратэмен айналысқан және жүгіру, секіру, тартылу, басқа да спорт түрлерінен бірдей көрсеткіштерге ие. 

5517 әскери бөлімі батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Дамир Жәкенов бқған дейін бұл бөлімге ешқашан үшемдер қызмет етпегенін айтады. 

"Олар Орал қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау міндетін абыроймен, мінсіз орындап келеді", - деген ол Зеккеновтерге оң баға береді.
Ақтаулық үшемдер болашақта заңгер мамандығын алып, ішкі істер қызметінде еңбек еткілері келеді.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу