Орал-Атырау трассасында тағы да ірі жол апаты болды

1515

Төрт адам көз жұмды.

Орал-Атырау трассасында тағы да ірі жол апаты болды

Жақында ғана жол апаты болып, алты адам қаза тапқан Орал-Атырау тас жолында тағы да жол-көлік апаты орын алды, деп жазды inbusiness.kz
тілшісі. 

Оқиға 26 ақпан күні БҚО Ақжайық ауданына қарасты Атамекен ауылынан 10 шақырымдай жерде 3.29 сағатта болған. Бұл жолы екі "Тойота Камри" көлігі соқтығысқан. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, екі автокөліктен 4 адам қайтыс болып, түрлі деңгейде жарақат алған 6 адам жақын жерден Тайпақ поселкесіндегі орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. 

Айта кетейік, жыл сайын түрлі себептерден көптеген жол апатына себеп болатын батыс аймақтың екі облысын жалғайтын автотрассаның проблемасы жөнінде бұған дейін жазған болатынбыз. Жолдың тарлығы, тазаланбауынан бөлек, жолаушылар көлігін жүйткітіп айдайтын жүргізушілерді, жүргізушілер баратын жеріне "жылдамдатып 3-4 сағатта жеткізіп беруді" сұрайтын жолаушыларды кінәлайды. Қазіргі күні тұрғындар екі ортада карантинге байланысты тоқтатылған автобустарды жүргізуді талап етіп отыр. Сондай-ақ, алдағы жылдары Ақтөбе-БҚО бағытында темір жол бағытын салу қарастырылуда екен.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу