Батыс Қазақстанда кеше кешкісін жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мой город порталына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 9 жасар Нұрасыл Мәдидің денесі бүгін Ескі әуежай ауданындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің аумағынан табылған.
"Біздің ойымызша, бала құрылыс алаңына кіріп, биік жерден құлап кеткен" деп мәлім етті полициядан.
Нұрасыл Мәди – ерекше бала еді, Даун синдромына шалдыққан. І топ мүгедегі, оның үстіне сөйлей алмайтын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу