Оралда жол-көлік оқиғасынан 8 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандар арасында екі бала бар, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.
Жол апаты 18 шілде күні 2:45 шамасында VenOil жанармай құю станциясына қарсы беттегі айналма жолда орын алған.
Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Константин Недопекиннің айтуынша, Nissan (көлікте тек жүргізуші болған) және Lada (көлікте бес ересек және екі бала болған) соқтығысқан.
"Nissan жүргізушісі басып озу кезінде қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lada-мен соқтығысқан. Оқиға орнында бес адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды", – деді капитан Недопекин.
Nissan жүргізушісі мен 10 және 13 жастағы екі бала ауруханада қайтыс болған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері апаттың себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр.