Өрт сөндіру-құтқарудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

1187

Өрт сөндіру бөлімінің аумағында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту жарысы өтті. Кедергілер жолағында жүгірулер әйелдер мен ерлер арасында өткізілді. Жарыстың бұл түрі – өрт-құтқару спортының ең қиыны. 

  Өрт сөндіру-құтқарудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының XXVI жазғы чемпионаты, әйелдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының VI жазғы чемпионаты "Самал" шағын ауданының өрт сөндіру бөлімінің аумағында жалғасуда, деп хабарлайды ТЖ комитеті.

1 тамызда өрт сөндіру бөлімінің аумағында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту жарысы өтті. Кедергілер жолағында жүгірулер әйелдер мен ерлер арасында өткізілді. Жарыстың бұл түрі – өрт-құтқару спортының ең қиыны. Бірінші кезеңде қатысушылар қабырғадан өту керек. Ерлер үшін оның биіктігі – 2 метр, әйелдер үшін – 80 сантиметр. Одан әрі спортшылар алдын ала арақашықтықта орналасқан өрт сөндіру жеңдерін ұстап алады, спорттық снаряд – буммен жүгіріп, тарқату және жеңдерді жүгіруге жалғайды. Өрт сөндіру жеңінің бір ұшы одан кейін тармақтағышқа, ал екіншісі – қатысушының арқасына орналасқан өрт оқпанына бекітіледі. Барлық манипуляцияларды орындағаннан кейін жүгіру мәре сызығына дейін жалғасады.

Әйелдер арасында кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеруде Гептина Елена (Нұр-сұлтан қаласы) 17,46 секунд нәтижесімен жеңді. Одан әрі күміс жүлде 17,96 секунд нәтижесімен Ақмола облысынан келген Анастасия Астафьеваға бұйырды, қола медальді 18.15 секунд нәтижесімен Виктория Бекмухамбетова (Ақтөбе қаласы) иеленді.

Ерлер арасында 16.52 нәтижемен Ералы Абзалов (ШҚО) чемпион атанды, 17.44 нәтижемен күміс жүлдегер Текенов Бауыржан (Қарағанды облысы), 19.97 нәтижемен Олжабаев Темірлан (Нұр-сұлтан қаласы) қола медальді жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу