Орталық Азияда ағын суға сұраныс артады

770

Орталық Азияда ағын суға сұраныс артады

Орталық Азияда алдағы 10 жылда ағын суға деген сұраныс еселеп артады. Себебі бұл елдерде халық саны өсіп, егістік жерлердің көлемі артып келеді, деп хабарлайды 24.kz.

Астана экономикалық форумында шығыс жұрты трансшекаралық өзен суын тиімді пайдалану мәселесін ортаға салмақ. Өйткені Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қазақстан елдері бір ғана Сырдарияға тәуелді.

Мамандардың пікіріне қарағанда судың жерге сіңіп ағуымен қатар аптапты ыстықта буланып кету процесі екі есе жоғары екен. Бір ғана мысал келтіретін болсақ, Ташкент облысының аумағында 38 миллион куб су буланып кетеді. Бұл көрсеткіш шөлді аймақтарға жақындаған сайын еселеп артады екен. 

Сырдария өзені 3,5 миллион гектар жерді ағын сумен қамтамасыз етеді. Оның 2 миллон гектарға жуығы Өзбекстан аумағында жатыр. Өзен бойында жалпы 5 бірдей су қоймасы бар. Солардың ішіндегі ең үлкені "Тоқтағұл". Өзендегі су деңгейінің қалыпты сақталуы ауа райының жауын-шашынды болуы мен айыр қалпақты ағайынға тікелей байланысты. Өйткені Қырғызыстан су қоймасын бүгінде тек энергетикалық режимде пайдаланып келеді. Яғни электр энергиясына деген сұраныс азайған шақта 6 миллиард текше метр судың орнына  4 миллиард ғана  жібереді екен.

"Өзендегі су деңгейі тікелей Тоқтағұл суқоймасынан төменге қарай жіберген су мөлшеріне байланысты. Егер көп жіберсе су тапшылығы болмайды. Қырғыз республикасы электр энергиясын өндіру қажеттілігі болмаса, шығынын жабу үшін  суды өз мөлшерінде жібермей қояды. Сондықтан Қазақстан мен Өзбекстан электр энергиясын сатып алып, олар қосымша су жіберіп жатыр. Соның есесінен біздің аумақтағы өзенде су толады", -дейді "Сырдария" су шаруашылығы қауымдастығының басшысы Одил Холхуджаев.

Өзбекстан биылғы жылы мақта алқабының көлемін 10 мың гектарға азайтты. Оның орнына тиімділігі жоғары тамшылатып суару әдісімен бау-бақша егіп жатыр. Яғни ауыл шаруашылығына ғылыми әдістерді көбірек ендірмек. Ғалымдардың жүргізген зерттеуіне қарағанда өзен суы егістік алқабына жеткенше 22 пайыз шығынға ұшырайды екен.

Орталық Азия мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының жүйелі жұмысының арқасында  Қазақстан "Өгем" өзенінен ауыз су алатын болды. Нәтижесінде еліміздің оңтүстігіндегі бірнеше елдімекен халқы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу