"Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап сіздер ҚР Сенаты депутаты ретіндегі өкілеттеріңіз басталды. Сіздер еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы ҚР Парламенті депутаттары болдыңыздар. Сонымен қатар 19 наурызға тағайындалған кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттары депутаттары сайлауына байланысты жаңа құрам сайланғанға дейін сіздер Сенат депутаттары ретінде Конституциялық заңдарды қабылдау бойынша міндеттерді орындайсыздар. Сіздерге сәттілік тілеймін", – деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Ресми тіркелген Сенат депутаттарына куәлік пен төлбелгі табысталды.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Сенаттың 13 депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Сондай-ақ, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Парламенттің жоғары палатасында Ассамблея атынан өкілдік ететін 5 депутат анықталды. Олар: Евгений Больгерт, Закиржан Кузиев, Нурия Ниязова, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских.
Бұдан өзге Президент жарлығымен Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіров және бұрын еліміздің Жоғары сотына төрағалық еткен Жақып Асанов Президент Жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалды.