"Орташа жалақы – 450 мың теңге": Медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері қанша жалақы алатыны белгілі болды

558

Қордың орталық аппаратын жылдық қамтамасыз етуге қанша қаржы кетеді? 

"Орташа жалақы – 450 мың теңге": Медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері қанша жалақы алатыны белгілі болды Фото: ҚР ДСМ

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Сәбит Ахметов жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлер қорын ұстауға шамамен 9 млрд теңгеден астам қаражат кетті. Бұл аумақтық бөлімшелерді қоса алғанда шамамен 1000 адамға есептегенде. Барлық облыста филиалдарымыз бар, онда 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Орташа жалақы шамамен алғанда 450 мың теңгені құрайды. Бірақ бірден айтайын, бұл аз сома. Бізде жыл сайын кадрлардың тұрақтамауы шамамен 22 пайызды құрайды. Жыл сайын әрбір бесінші қызметкеріміз жұмыстан шығады. Жүктеме мен жұмыс көп болғандықтан, олар тұрақтамайды және жұмыстан кетеді. Егер бізде жақсы жалақы болса, онда адамдар кетпес еді деп ойлаймын", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Спикер 9 млрд теңгенің 80 пайызға жуығы еңбекақы қорына, қалған 20%-ы басқа шығындарға кеткенін атап өтті.

Еске салайық, осыған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов МӘМС жүйесін сынға алғанын жазған болатынбыз. Депутат Асхат Рақымжанов бір жылда дәрігерге жүгінбегендерге МӘМС жарнасының 50%-ын өтеуді ұсынды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қаражат қайтарылуға жатпайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу