Бір жылда дәрігерге жүгінбегендерге МӘМС шығынының 50%-ын өтеу ұсынылды

707

Депутат МӘМС қаражатын пайдалану мәселесі бойынша толық аудит жүргізу керек деп санайды. 

Бір жылда дәрігерге жүгінбегендерге МӘМС шығынының 50%-ын өтеу ұсынылды Фото: inbusiness.kz

Мәжілісмен Асхат Рақымжанов тиісті депутаттық сауалды Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа жолдады.

Депутат Қазақстанда әрбір алтыншы адам медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалғанын жеткізді. Олардың басым көбі ауылда тұрады, деп атап өтті ол.

“Оларға медициналық қызмет көрсетуден бас тартылады, себебі ақша болмаса азаматтарымызды өз елінде керек етпейді. Келесі мәселе олигархтар ауыл тұрғындарын ұрлап, оларды кедейлік жағдайында қалдыратын жарнашылар жүйесін кім құрған? Іс жүзінде бұл адамдар  еңбек шарттарын рәсімдемей жұмыс істейді. Сондықтан оларды емханаларда қабылдамайды, өйткені олар үшін медициналық сақтандыру қорына ешкім қаражат аудармайды”, - деді депутат.

Осыған байланысты халық қалаулысы мұндай адамдар медициналық көмекке қалай жүгіне алатынын, қанша қазақстандық ресми түрде медициналық сақтандыру жарнасын төлемейтінін сұрады.

“Екіншіден, МӘМС қорын қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінен шығару туралы мәселе шынымен бар ма? Оның ашықтығы мен жариялылығын арттыру үшін не жасалынады? Үшіншіден, МӘМС жүйесі қызметкерлерінің саны, жалақысының мөлшері, оларға берілетін сыйақылар туралы мәліметтерді ұсынуды сұраймыз. Төртіншіден, бейресми деректер бойынша МӘМС жүйесін қолданатын қазақстандықтардың саны 15%-дан аспайды. Неліктен жүйе денсаулығына қамқорлықпен қарайтын азаматтарды осы шығындарды үнемдеуге шақырмайды? Олардың дәрігерге барғаны немесе жүгінбегені маңызды емес, жарнаны төлеуге міндетеледі. Ең жоғары рұқсат етілген жарна сомасы айына 14 000 теңге болған кезде қазақстандықтар жылына 170 мың теңгеге жуық төлейді. Олар ауырып қалған күннің өзінде мемлекеттік емханалардың бюрократиялық процесінде уақыт жоғалтпас үшін жеке меншік ұйымдардағы дәрігерлерге баруды құп көреді”, - деді депутат.

Мәжілісмен бір жыл ішінде дәрігерлерге жүгінбеген қазақстандықтарға МӘМС-ке жұмсаған шығындарының 50%-ын өтеуді ұсынып отыр.

“Олар бұл қаражатты өз қалауымен жұмсауға құқылы. Бесіншіден, 2017 жылы іске қосылған сәттен бастап медициналық сақтандыру жүйесінің есебіне қанша қаражат жиналғаны, олардың қайда жұмсалғаны туралы егжей-тегжейлі есеп беруіңізді сұраймыз. МӘМС қаражатын пайдалану мәселесі бойынша толық аудит жүргізу қажет деп санаймын. Денсаулық сақтау министрлігі тарифтердің өсуі бойынша барлық шешімді тәуелсіз сараптамасыз өздігінен қабылдайды. Мұнда бақылаушы органдар үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін де үлкен ашықтық қажет?”, - деді Асхат Рақымжанов.

Айта кетейік, осыған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов МӘМС жүйесін сынға алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу