Енді тілсіз жаудың шығу себебі айтылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта іс Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша тергелуде.
Осыған дейін хабарланғандай, қаза тапқандар арасында 64 жастағы әйел, оның 41 жастағы қызы және 2017 жылы туған қыз бала бар. Оған қоса Өзбекстанның 2 азаматы көз жұмған.
Өрт түнгі сағат 03:30 шамасында тұтанған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды шамамен бір сағатта толық сөндірген.
Алдын ала мәліметке сай, өрт шыққан бөлмеде бензин болған. Бұл арнайы құрылғы көмегімен анықталып отыр. Тілсіз жау басталардан бірнеше минут бұрын үйге қара күртеше мен сұр бас киім киген әйелдің кіргені анықталды. Ол ғимаратта аз ғана уақыт аялдаған.
Қазір әйелдің кім екені белгілі болған. Оның осы үйде тұрған ер адамдардың бірімен бұрын қарым-қатынасы тексерілуде. Өртке қызғаныш немесе кек алу себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Бұған дейін Алматыдағы өрттен кейін 9 адам қонақүйге орналастырылғанын хабарлаған болатынбыз.