Өскеменде қар тазалау жұмыстарының дұрыс жүргізілмегендігі үшін коммуналдық қызмет басшысы жұмысынан босатылды, деп хабарлайды egemen.kz Altaynews.kz порталына сілтеме жасап. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен болған кеңейтілген отырыста белгілі болды.
"Өскемен-тәртіп" коммуналды мекемесінің басшысы Денис Федченко қызметінен босатылып, оның орнына "Өскемен Тазалық" басшысы болған Тамара Рахимжанова отырды.
"Біз тағы қосымша 40 техника тарттық. 6700 текше метр қар шығардық. Бүгінгі таңда күніне 150-ден астам техника, күндіз — 82, түнде — 69 техника жұмыс істеп жатыр. Тәулік бойы жұмыс істеуді одан әрі жалғастыра беретін боламыз", — деді облыс әкімі.
Басылымның хабарлауынша, ШҚО әкімі Д.Ахметов Өскемен мен Семей қаласының әкімдеріне тәулік бойы жұмыс істеуді тоқтатпауды тапсырған.