Өскеменде қалың қардан трамвайлар қозғалысында іркіліс туындады

931

Өскеменде қалың қардан трамвайлар қозғалысында іркіліс туындады

Екі күн бойы "Өскемен трамвай паркі" өз көлігінің қозғалысын қалпына келтіре алмай жатыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.  

Трамвайлар қозғалысы қалың қарға малтығып қалды. Жауған қар трамвай жолдарын басып, көліктер сол орындарында қозғалыссыз тұр. Кеше тасымалдаушылар тәулік бойы бір грейдермен трамвай жолдарын қардан  аршуға  тырысты, бірақ тазартқаннан кейін  маңайлай жүрген көліктер қарды қайтадан жолға қарай ұшырып, толтырып тастады", – дейді трамвай паркінің директоры Анатолий Успенский.

"Жылбысқы қарға қоса жаңбыр жауды", – деп шағымданды Успенский. Техника мен адамдар әкелген ТЖ құтқару қызметінің көмегінен кейін ғана жағдай жақсара бастады, таяу арада орталықтағы қаланың екі бөлігін жалғайтын "№2" қысқа бағдар іске қосылатын болады. Температуралық тұрақсыздық қиындық туғызуда –  жауын, қар және көктайғақ жолдардағы қозғалысқа кедергі болып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу