Отандық жиһаз өндірушілер сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр

954

Жарты жылда жиһаз бен интерьер заттарын жөндеу бойынша шамамен 500 млн теңгенің қызметі көрсетілген.

Отандық жиһаз өндірушілер сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр

2021 жылғы 8 айда (қаңтар–тамыз) жиһаз бен кілем бағасы өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға, орындықтар 5,5%-ға, диван-төсектер 6,9%-ға, кілемдер 4,5%-ға өскен, деп хабарлайды, inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы 5 жылда жиһаз бағасының орташа жылдық өсімі 5,6% болды.

Биыл наурызда жүргізілген сауалнамаға сәйкес тозған жиһазды ауыстыруға ақшасы жетпейтін қазақстандықтардың үлесі бір жылда 26,3%-дан 27,4%-ға дейін артқан.

Респонденттердің тағы 10,8% (өткен жылғы көрсеткіш 10,4%) тозған жиһазды басқа себептерге байланысты ауыстыра алмайтынын айтқан.

Ескі жиһазды ауыстыра алатындар бір жылда 47,4%-дан 45,1%-ға дейін қысқарған. Сұраққа жауап бергендердің тағы 16,7%-ы бұл сауал өзекті емес екенін жеткізген.

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта жиһаз бен интерьер заттарын жөндеу бойынша 495,1 млн теңгенің қызметі көрсетілген, 2020 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 12,1%-ға артық.

Биыл қаңтар-маусымда жиһаз өндірісі 32,2 млрд теңге болды, өндірістің нақты жылдық өсімі – 19%. Өткен жылы ұқсас кезеңде өндіріс 8,3%-ға төмендеген еді. Отандық жиһаз өндірушілер нарықтағы сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр.

Ас үй жиһазы сегментінде 39,5 мың өнім өндірілді, импорт өнім үлесі – 33,3 мың, яғни импорт нарықтағы үлесі – 45,7%.

Металл қаңқалы орындықтардың, табуреткалардың және отыруға арналған басқа да жиһаздардың сегментінде жағдай салыстырмалы түрде тұрақты: биыл бірінші жартыжылдықта отандық компаниялар осындай жиһаздың 506,5 мың бірлігін шығарған, ал импортқа 481,1 мың бірлік жіберілген немесе ресурстардың 48,7%. 

Елде орындықтар, табуреткалар және басқа да ағаш қаңқалы отыруға арналған 64,5 мың бірлік өнім өндірілген, ал 314,9 мың бірлік осындай жиһаз немесе ресурстардың 83%-ы импортталған.

Асхана мен қонақ бөлмелерге арналған ағаш жиһаз сегментінде отандық компаниялар 24,1 мың өнім шығарды, 312,8 мың бірлігі импортталды – ресурстардың 92,9%.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу