Отардағы әскери бөлімде 19 жастағы сарбаз көз жұмды

91

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Отардағы әскери бөлімде 19 жастағы сарбаз көз жұмды Фото: Туыстарынан

Кеше, 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді.

"Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу