"Отбасы банк" салымшыларға хабарландыру жасады

1481

"Отбасы банк" Біржолғы зейнетақы төлемдері арқылы қарызын жапқысы келетін қазақстандықтарға хабарландыру жасады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.  

"Отбасы банк" салымшыларға хабарландыру жасады

Енді банктің бірқатар қаладағы бөлімшесі сенбі күні де жұмыс істейді.

"Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдала отырып, "Отбасы Банкіндегі" заемын өтегісі келетін клиенттер үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Жаңаөзендегі банк бөлімшелері сенбі күні де жұмыс істейтін болды.

"6 ақпан таңғы сағат 9:00-ден кешкі 21:00 дейін БЗТ арқылы ипотекалық қарызды мерзімінен бұрын және толық өтеу операциясы қолжетімді болады.

Осы күні қабылданатын төлемдердің барлығын клиенттер 5 ақпан мерзімімен өтей алады. Бұл бір күн болса да пайыздық үстемені кем төлеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар кезекті онлайн брондап үлгермеген, қызмет түрін ала алмай қалған клиенттер үшін де жағымды жаңалық бар.

"Клиенттер банк бөлімшесіне бармас бұрын www.enpf-otbasy.kz онлайн платформасындағы жеке кабинетіне кіріп, өтінішіндегі "Банкті таңдау" бөліміндегі тізімнен "Отбасы Банкін" таңдап, "Өтінім жолдау" батырмасын басуы керек. Мұнда құжаттарды жүктеудің қажеті жоқ, олар банктің мәліметтер базасында бар", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, карантин режимін сақтау үшін клиенттер hcsbk.kz/contacts/ сайты арқылы банк бөлімшесіне келу уақытын брондауы шарт.

"Брондау кезінде "Посткредит" мақсатын, әрі қарай "Кредитті өтеу (жартылай/толық)" операциясын таңдауы керек. Егер клиенттің қосалқы қарыз алушысы (созаемщик) болса, жаңа төлем кестесіне қол қою үшін оны қоса ертіп келген жөн", - делінген хабарламада.

"Отбасы банк" коронавирус пандаемиясы кезінде клиенттерге сақтық шарасын қатаң сақтауға кеңес береді. Банк бөлімшесіне келгенде маска тағып, ара қашықтықты сақтап, зарарсыздандыру құралдарын пайдалану қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу