Өткен жылы елімізде 3,2 мың бала көз жұмған

1122

Нәресте өлім-жітімі Қазақстанның демографиялық әлеуетіне кері әсер етіп отыр.

Өткен жылы елімізде 3,2 мың бала көз жұмған

Energyprom.kz-тің хабарлауынша, өткен жылы елімізде 3,2 мың нәресте шетінеген. Ал денсаулық сақтауға бөлінген қаржы бір жылда 26 пайызға ұлғайып, 122 миллиард теңгеге жеткен.

UNICEF келтірген деректерге сүйенсек, баланың дұрыс тамақтанбауы, олардың арасында өлім-жітімнің көбеюіне әсер етіп отыр. Үндістан бала өлімі көп тіркелетін елдердің ішінде алдыңғы орында тұр – 882 мың бала. Одан кейінгі орында Нигерия (886 мың) мен Пәкістан (409 мың). Осы қатардан Конго, Эфиопия, Қытай, Индонезия, Танзания, Ангола және Бангладеш елдерін көруге болады. Осы аталған ондықта 5 жасқа дейінгі 3,2 млн бала көз жұмған екен.

Ал ЕАЭО елдері арасында Ресей "көш басында", өткен жылы бұл елде 13 мың баланың өмірі қиылған. Ресейден кейінгі орында Қазақстан тұр – 4 мың бала, тізімде бізден кейін Қырғызстан – 3 мың бала, Армения – 1 мың бала және 5 жасқа дейінгі сәбилердің өлім-жітімі 1 мыңнан кем Беларусь мемлекеті орналасқан.

Қазақстанда да баланың дұрыс тамақтанбауы мәселесі бар. 5 жасқа дейінгі әрбір оныншы балада артық салмақ болса, 2 жасқа дейінгілердің 21 пайызында жеміс-жидек жеу мүмкіндігі жоқ.

2018 жылы елде нәресте өлімі (1 жасқа дейінгі) 0,2 пайызға көбейген, яғни 3,2 мың баланы құрап отыр. Бұл елдегі осы жас аралығындағы барлық баланың 0,8 пайызы.

Өкінішке қарай, нәресте өлімі көрсеткіші тек былтыр ғана емес, одан бұрын да жоғары болған, соңғы бес жылда елдегі туған барлық жас баланың 1 пайызға жуығы шетінеп кеткен.

Кейінгі жылдары туу көрсеткішінде өсім болмағанын ескерсек (орташа өсім және жалпы -0,1%), осы жағдайда бала өлімінің 1 пайыз болғанының өзі демографиялық ахуалдың төмендеуіне әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу