Өткен жылы қоршаған ортаны қорғауға 148 млрд теңге бөлінген

1150

Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 31%-ға жоғары.  

Өткен жылы қоршаған ортаны қорғауға 148 млрд теңге бөлінген

Соңғы жылдары әлемде табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға көп көңіл бөлінуде.

Ел үкіметі де бұл бағытқа ерекше назар аударып, қомақты қаржы бағыттай бастады. Қазақстан "жасыл" экономика концепциясы аясында 2050 жылы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесін 50%-ға жеткізу керек деген мақсат қойды. 

Бұған қоса 2020 жылдың 11 айында қоршаған ортаны қорғау саласына 147,7 млрд теңге бөлінді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 30,9% жоғары, деп хабаралады ranking.kz.

Ал осыдан кейінгі 5 жыл ішінде еліміздің орман алқаптарында 2 млрд, елдімекендерде 15 млн ағаш отырғызылмақ. 

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар "жасыл" облигациялар шығару арқылы инвестор тарта алады. Жобалар қаладардың экологиясын қорғау, табиғи ресурстарды сақтау бағытында болуы шарт. Республикалық маңызы бар шаһарлар мұндай облигациялар шығаруды Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы (AIX) жүзеге асыра алады. Биылғы жылдың 4 қаңтарындағы жағдай бойынша жерілікті атқарушы органдар шығарған құнды қағаздардың жалпы құны 1,1 трлн теңгеге бағаланып отыр.

Бұл бағытта инвестиция тарту бойынша 143 млрд теңге көрсеткішімен Алматы көш бастаса, одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан (103,6 млрд теңге) мен Түркістан облысы (94,6 млрд теңге). 

Мұндай тәжірибе әлемнің өзге де мемлекеттерінде қолданылып келеді. Бұған дейін Бельгия, Чили, Мысыр, Франция, Германия, Гонконг, Венгрия, Швеция, Индонезия, Нидерланд, Польша сынды 17 мемлекет жалпы сомасы 80 млрд долларға облигациялар шығарды. 

Climate Bonds Initiative мәліметтеріне сүйенсек келесі жылы "жасыл" облигациялар шығаруды тағы 14 мемлекет қолға алмақ. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу