Алтын жөніндегі дүниежүзілік кеңестің мәліметіне қарағанда, Қазақстан халықаралық құнды металл қорындағы 15-орнын сақтап қалды. Жыл басына елдің алтын қоры 345 тонна болатын. 9 айда 32,5 тонна қосылған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Португалия мен Өзбекстанның арасында тұр. Португалияның алтын қоры 382,5 тонна болса, Өзбекстан 332,2 тоннамен Қазақстанды өкшелеп келеді.
"Алдыңғы үштікті АҚШ бастап тұр. Оның қорында 8,1 мың тонна алтын бар. Екінші орынды 3,3 мың тонна алтынмен Германия, үшінші орынды 2,4 мың тонна алтын қоры бар Италия иеленген. Ресей мен Қытай бұл рейтингте бесінші және алтыншы орындарға табан тіреді", – деп жазады LS сайты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу