Өзбекстан ғалымдары қызанақтан COVID-19-ға қарсы вакцина жасап шығарды

Сынақ жұмыстары тышқандар мен ерікті адамдарға жүргізілді. 

Өзбекстан ғалымдары қызанақтан COVID-19-ға қарсы вакцина жасап шығарды Фото: mininnovation.uz

Өзбек ғалымдары генетикалық векторлар мен қызанақ өсімдігіне сүйене отырып, тікелей қызанақ өсімдігінен тұтынуға болатын COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаның жаңа буынын жасады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Anhor.uz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалымдар коронавирустың S1 антиген ақуызын кодтайтын ген фрагментін арнайы векторларға қойып, оны қызанақ жасушасының геномына енгізген. Бұл жасушалардан S1 антиген ақуызын үнемі өндіретін қызанақ өсімдігі алынды. Осындай өсімдіктен алынған қызанақ жемісінің 0,77 мкг/г мөлшерінде тұрақты S1 антиген ақуызын синтездейтіні көрсетілді және TOMAVAC вакцина ретінде таңдалған.

Осы тұрғыда, белгіленген TOMAVAC вакцинасы тышқандар мен ерікті адамдарға сыналғанда, сарысуда (IgG) және ішекте бейтараптандыратын антиденелердің (IgA) жоғары деңгейін шығаратынын көрсетті. Эксперимент жұмыстарының нәтижесі бойынша, тышқандар мен еріктілерде жағымсыз жанама әсерлер байқалмаған.

Жалпы, зерттеу жұмыстары кезінде TOMAVAC екі фазалы (ішек шырышты қабаты және қан арқылы өтетін) қорғанысты қамтамасыз ететін қауіпсіз вакцина екенін көрсетті және ол ғылыми қауымдастыққа алғашқы тікелей тұтынуға арналған COVID-19 вакцинасы ретінде ұсынылды.

Айта кету керек, құрылған векторлық жүйе мен тәжірибе негізінде, қажет болған жағдайда, қысқа мерзімде елде әртүрлі инфекцияларға қарсы вакциналарды жасап, енгізу мүмкіндігі және мамандардың жаңа буыны қалыптасты.

Сонымен қатар, вакцина бойынша зерттеулер Frontiers in Nutritional Immunology (IF=5.0) беделді шетелдік журналында жарық көрді және тышқандар мен ерікті адамдарда жүргізілген иммуногендік, биоқауіпсіздік сынақтардың нәтижелері жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу