Өзбекстан халқын фастфуд пен энергетикалық сусыннан қалай қорғайды?

497

Өзбекстан энергетикалық сусындар мен фастфуд жарнамасына шектеу қояды.

Өзбекстан халқын фастфуд пен энергетикалық сусыннан қалай қорғайды? Фото: Inbusiness.kz

Қазір көрші ел телеарналарында таңғы 7-ден 22:00-ге дейін бұл зиянды шырындарды жарнамалауға тыйым салынған. Енді көшелердегі билбордтарда да болмайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қазақстан энергетикалық сусындарды кәмелеттік жасқа толмағандарға сатпау туралы шешімді әлі қабылдамады. Ал, өзбектер мұны 6 жыл бұрын заңмен бекітіп қойды. Яғни, 18 жасқа толмағандарға аталған зиянды сусын сатылмайды.

"Өзбек билігі енді мұндай тауарларды жарнамалауға да шектеу енгізгелі отыр. Негізінен, 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін телеарналарда сағат таңғы 7-ден түнгі 22:00-ге дейін энегретикалық сусындар жарнамасына тыйым салынған. Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық стратегиясы аясында балаларға арналған зиянды тағамдарды, оның ішінде фастфуд, энергетикалық сусындарды, диеталық қоспаларды билбордтарға ілуге де тосқауыл қоймақ",-  дейді сатушы Сухроб Абдурахимов.

"2030 жылдың соңына қарай семіздікке шалдыққан халықтың үлесін - 50%, ал балалар мен жастар арасындағы көрсеткішті 30%-ға қысқарту міндеті қойылып отыр", - деді Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұл мақсатқа балабақша мен мектептерде дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы да қол жеткізбек. Биыл білім беру мекемелерінде қолдануға болмайтын өнімдердің тізімі жасалады. Оларға қант, тұз, майлылығы тым жоғары тағамдар, сондай-ақ хош иістендіргіштер мен бояғыштар кіреді.

Өзбекстан енді энергетикалық және газдалған сусындарға акциздік салық енгізеді. Оның әрбір литріне 2000 сум, яғни 75 теңге көлемінде акциз есептеледі. Құрамында қанты бар газдалған сусындар үшін салықтың бұл түрі 500 сум көлемінде болмақ. Денсаулық сақтау министрлігі елде қант диабеті ауруы көбеюі мүмкін, деп алаңдағаннан осынай қадамға барып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу