Өзбекстан вакцина егу процесін келесі айдың соңындай бастайды

997

"Спутник V" вакцинасының 35 млн дозасы жеткізіледі. 

Өзбекстан вакцина егу процесін келесі айдың соңындай бастайды

Өзбекстан коронавирусқа қарсы вакцинаны егу процесін ақпан айының соңында немесе наурыздың басында бастайды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі мәлім етті.

Ресми дерек бойынша, Өзбекстан Pfizer және BioNTech вакцинасының 100 мың дозасын сатып алуды, ресейлік вакцинаны тіркеуді жоспарлап отыр. Вакцинаның бірінші партиясы шамамен бір айдан кейін жеткізілмек.

Қыркүйек айында Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен жергілікті Laxisam фармацевтикалық компаниясы Өзбекстанға "Спутник V" вакцинасының 35 миллион дозасын жеткізу туралы келісім жасасты.

"Вакцинация процесі бүкіл Өзбекстан аумағын қамтиды, бірақ бұл процесс біртіндеп жүзеге асады. Бірінші кезеңде Pfizer вакцинасының 100 мың дозасына тапсырыс берілді, ал келесі кезеңде лицензияланған басқа  вакциналар қолданылады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

34 млн халқы бар бұл елде осы күнге дейін вирус жұқтырудың 78 мың фактісі тіркелді. Дерттен 620 адам қаза тапты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу