Тойға барған 110 өзбекстандық коронавирус жұқтырды

417

Юнусабад ауданындағы бір тойды үш рет өткізген, яғни қонақтарды бөліп-бөліп шақырған.

Тойға барған 110 өзбекстандық коронавирус жұқтырды

Өзбекстанда төрт тойға барған 110 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан. Бұл туралы Podrobno.uz басылымы елдің денсаулық сақтау министрі Алишер Шадмановқа сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Министрдің сөзінше, соңғы 14 күнде коронавирус анықталған азаматтардың 52%-ы шетелден келген екен. Қалғаны өзге елге шықпай жұқтырған. 

"Тойлар, басқа да мерекелік шаралар вирустың таралуына "септігін" тигізеді. Мысалы, төрт тойда болған 110 тұрғыннан коронавирус анықталды, 79 адам Юнусабад ауданындағы тойда ауруға шалдыққан. 30 адамнан артық жиналуға болмайды деген шектеуді ескере отырып, олар бір тойды үш рет өткізген, яғни қонақтарды бөліп-бөліп шақырған", – деді министр. 

Соңғы мәлімет бойынша, Өзбекстанда вирус жұқтырғандардың саны 11 мыңнан асып, оның шамамен 7 мыңы аурудан айыққан. 40-тан астам адам қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат 
Фото: pixabay.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу