Өзбекстанда "британ штамы" тіркелді

1041

Өзбекстанда COVID-19 вирусының жаңа түрі Дубайдан оралған 10 жастағы қыздан анықталды.

Өзбекстанда "британ штамы" тіркелді

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат қызметінің басшысы Баходир Юсупалиев хабарлады.

"23 қаңтар күні Біріккен Араб Әмірліктерінен отбасымен оралған 10 жастағы қыздан коронавирустың британиялық штаммы анықталды. Індеттің бұл түрі Өзбекстан аумағында алғаш рет тіркеліп отыр", – деді Б.Юсупалиев.

Оның сөзінше, қазір жеткіншек емделуге жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілген, жағдайы қанағаттанарлық. Ал қыздың басқа отбасы мүшелерінен вирус анықталмаған. Дегенмен олар үй карантинінде отыр. 

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 78672-ге жеткен, сауыққандары – 77146, қайтыс болғаны – 621. Осы елде індет алғаш рет былтыр 15 наурызда тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу