Өзбекстандағы қазақ мектептеріне көркем әдебиет жетіспейді

1626

Бүгінде өзбек еліндегі тек қазақ тілінде оқытатын білім ошақтарының саны 400-ден асса, аралас қазақ-өзбек мектептерін қосқанда 800-ге жуықтайды екен.

Өзбекстандағы қазақ мектептеріне көркем әдебиет жетіспейді

Өзбекстандағы қандастарымыз тіл тазалығын сақтап қалу үшін бар күшін салып жатқанын айтады.

"Өзбекстанда қазақ тілінде білім алу үшін барлық жағдайлар жаратылған. Колледжер тек өзбек тілінде білім беретін болып қалды. Осы қазақ тілі, әдебиет мамандығын таңдағаннан кейін ауылға барғанда өз мамандығым бойынша сабақ өтпекші болдым. Сөйтсем, ол мүмкін болмай қалды. Барған кезде көркем шығармадан қатты қиналдық. Пәндік оқулықтар бар. Бірақ көркем шығарма жетіспейді. Мысалыға, "Абай жолы" роман эпопеясының үшінші томы ғана бар екен. Осы мәселе үкімет деңгейінде шешілсе. Ал, біздің университеттегі қазақ тілді кітаптардың дені электронды және ескі кітаптар. Оларды өзіміз пайдаланамыз. Бірақ 70 жылдарда шыққан кітаптар болғаннан кейін, одан бері тілде жаңалықтар енген. Бізге енді жаңалау, бертінде шыққан қазақ тілі жайлы ғылыми кітаптар болса. Мысалға, Зейнолла Қабдоловтың әдебиет теориясынан "Сөз өнері" деген, Ысқақтың "Қаза тілі" кітаптары бізде таптырмайды", – дейді Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің 3 курс студенті Әбдібақыт Мәжитов.

Айта кету қажет, қазірде Ташкенттегі Низами университетінде 60-қа жуық студент қазақ тілінде білім алып жатыр екен. Оқуға ниет білдірушілер саны көп болғанымен, университет тарапынан бөлінетін орын саны аз көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу